• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2018

Қостанай облысының  төрт ауданынан улы кенелер табылды

660 рет
көрсетілді

Бұл Қостанай облысы үшін тосын оқиға секілді. 

Санитарлық дәрігерлер облыс өңірінен теріп алған  718 кенені Алматыдағы Санитарлық-эпидемиологиялық  талдау және мониторинг орталығының ғылыми-практикалық лабораториясына жіберді.  Нәтижесі таңқаларлық әрі қауіпті десе болады. Облыстың Әулиекөл, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық аудандарынан  терілген кенелер улы екенін көрсетті. 

Қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетовтың айтуынша, бұл кенелерден энцефалиттің табылуы Қостанай өңірінде  көп жылдардан бері болмаған оқиға. Бірақ кенелерді тексеру нәтижесі  қырым безгегі, туляремия, пастереллез, лептоспироз сияқты қауіпті жұқпалы ауруларды көрсеткен жоқ.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметінше, биыл кенелер шабуылы  күннің суықтығына қарамастан жылдағы мерзімінде, яғни сәуірде басталды. Осы уақытқа дейін өңірде  179 адамды кене шаққан, оның ішінде 64-і 14 жасқа жетпеген балалар. Бірақ ауыр зардабы болмаған. Дегенмен, дәрігерлер кене маусымы қазан айына дейін созылатындықтан, дәрігерлер тұрғындарды  абай болуға шақырып отыр.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай